Ер адам құлағындағы мақтамен 10 жыл бойы жүрген
Құлақ тазалайтын таяқшаның басындағы мақта бірнеше жыл бойы құлағында қалып қойған азамат ауруханаға шағымданып барған.
18:30 29.08.2018
Оқиға Британияның Лестершир графтығында орын алған.
Отоларинголог Нил Райтаттың айтуынша, пациент құлағында мақта осыдан он жыл бұрын қалып қойғанын мойындаған. Ұзақ уақыт бойы ол мақта өздігінен түсіп қалды деп ойлаған. Алайда соңғы уақытта оның есту қабілеті нашарлап, құлағы ауыра бастаған.
Тексеру барысында Райтат пациенттің құлағының есту жолында мақта тұрып қалғанын анықтап, арнайы құралдардың көмегімен оны алып шыққан.
Процедура небәрі бірнеше секундқа қана созылған. Дәрігерлер құлағын видеоға түсіріп, YouTube-да өз каналдарына жүктеп қойған.
Отоларинголог дәрігерлер пациенттердің көп шағымданып келетіндерін айтты. Келушілердің құлағынан сырға, балауыз, қаламсап қақпағы және басқада түрлі заттарды алған екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!