{metadescription}
ШҚО-да ер адам өртеніп кетті
Өрт түнгі уақытта Риддердің Совхозная ықшам ауданындағы уақытша тұрғызылған баспанада шыққан. Жалынды көріп қалғандар өрт сөндіру қызметін шақырады. Құтқарушылар келіп жеткенге дейін баспана толығымен жанып, қирап қалады. Жанып жатқан үйінділердің арасынан 50 жастағы ер адамның денесі табылып отыр. Өрттің жалпы аумағы 15 шаршы метрді құрайды. Қазір өрттің себептері мен келтірілген залал мөлшері анықталуда. Дереккөз: altaynews.kz
01:14 30.08.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!