{metadescription}
Қазақстан 9-ыншы «алтынға» ие болды

Қазақстан 9-ыншы «алтынға» ие болды

Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық спортшылар ел қоржынына тоғызыншы алтын медальды салды.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті хабарлағандай, 30 тамыз күні (сағат 07.30-да) Жакартада каноэ мен байдаркада ескек есуден финалдық кезеңдер басталды.

500 метрге жарысуда Қазақстан командасы мәре сызығын бірінші болып кесіп өтіп, «алтынға» қол жеткізді.

Бұл сында ел намысын Илья Голендов, Сергей Токарницкий, Алексей Дергунов, Евгений Алексеев қорғаған болатын. Спортшыларымыздың уақыт көрсеткіші - 1.24.203.

Күміс жүлде - Оңтүстік Корея (1.25.313), қола жүлде Иран (1.26.939) құрамасының еншісінде.

Қазақстан құрамасы үшін бұл Азия ойындарындағы 52-інші медаль, оның 9 - алтын, 9 - күміс және 34 - қола. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде