{metadescription}

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 ересек адам және сәби қаза тапты

Тағы 5 адам жарақат алған.

Оқиға 22 тамыз күні кешкі алтылар шамасында «Ақтөбе-Астрахань» тасжолында болған деп хабарлайды, Актобе Таймс.

«Лада-Приора» көлігінің иесі 22 жастағы жігіт облыс орталығынан Шұбарқұдыққа жылдамдықты шамадан асырып жүргізген.

Ол жол ережесін бұзып, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан қарсы бетте келе жатқан келе жатқан 27 жастағы жігіт тізгіндеген «Лада Ларгус» көлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында 4 адам көз жұмды. «Лада-Приора» көлігіндегі екі жолаушы қаза тапқан. Оның бірі ақтөбелік әйел мен екіншісі Темір ауылының тұрғыны.

Ал, екінші көлікте 18 жастағы қыз бен 2 айлық сәби қаза тапты. Жарақат алғандарды облыстық ауруханаға жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде