{metadescription}
Алматыда көпқабатты тұрғын үй отқа оранды
Тұрғын үйден 70 адам эвакуацияланды. «31 тамыз күні сағат 22:09-да Алатау ауданына қарасты Алғабас-9 шағын ауданындағы 9 қабатты тұрғын үйдің 6-шы қабатында 15 шаршы метр аумақ өртке оранды. 70 адам эвакуацияланды, олардың ішінде 20 бала бар. Өрт сағат 22:36-да ауыздықталып, 22:54-де толықтай сөндірілді.», - деді баспасөз қызметінің өкілі. Тілсізжаудан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің себептері анықталуда.
12:00 01.09.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!