{metadescription}

Чемоданнан жас қыздың мәйіті табылды

Мәскеудің оңтүстік-шығысында чемодан ішінен жас қыздың өлі денесі табылды.

Бұл туралы журналистерге Тергеу комитетінің өкілі Юлия Иванова мәлімдеген.

"31 тамыз күні Мәскеудің оңтүстік-шығысында Кремльдік курсанттар аллеясында жаяу жүргіншілердің бірі чемодан тауып алған. Чемоданның ішін ашып көргенде жас шамасы 18-25 аралығындағы қыздың мәйіті табылған. Марқұмның денесінде азаптаудың белгілері табылмады. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді, оның неден өлгенін анықтайтын боламыз. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Юлия Иванова.

Оқиға орнында куәгерлер мен тергеушілер және криминалды полиция қызметкерлері жұмыс істеуде. олар қайтыс болған қыздың кім екенін анықтауда.

Дереккөз: sn.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.