Астанада 18 қабатты үй өртеніп, 3 бала уланып қалды
Астанадағы 18 қабатты тұрғын үйдің электр желісінде қысқа тұйықталудың салдарынан өрт болды.
13:48 01.09.2018
Салдарынан кішкентай үш балаға ыс тиіп қалған.
«1 қыркүйек күні таңғы сағат 05:18-де Сарыарқа ауданына қарасты 18 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатынан алтыншы қабатына дейін орнатылған электр қалқандардағы 15 қума метр электр кабельдері өртенген. Тұрғындар пәтерлерінен өз бетімен шыққан. Газдан 3 сәби уланып, ауруханаға жеткізілді. Балалардың жағдайы бірқалыпты», - деді баспасөз қызметінің өкілі.
Өрттің қысқа тұйықталудан шыққаны анықталып отыр. Оқиға салдарынан тұрғын үй электр қуатынан ажыратылды. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жарық қайта қосылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!