Сочи әуежайында ұшақ өртенді
Ресейдің Сочи қаласында Boeing 737 ұшағы отқа оранды. Салдарынан бір адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды. 160 адам эвакуацияланған. Ресми дерекке сүйенсек, ұшақ ұшып-қону жолағынан шығып кетіп, өртене бастаған. Апат орнына келген мамандар қызыл жалынды бір сағаттың ішінде ауыздықтап үлгерген. Өртті сөндіруге 5 аранайы техника жұмылдырылған. Зардап шеккендердің барлығы да ауруханаға жеткізілді. Апатқа қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін деуде. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.
16:24 01.09.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!