Азия ойындарында Қазақстан боксшылары алтынсыз қалды
Джакартадағы бокс бәсекесі аяқталды. Ең соңғы болып шаршы алаңға шыққан Әбілхан Аманқұл финалда жеңіліс тапты.
17:30 01.09.2018
Ақтық сында өзбекстандық Исраил Мадримовпен жұдырықтасқан жерлесіміз 2:3 есебімен қарсыласына жол берді. Әбілхан 75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен болатын.
69 келіде сынға түскен Асланбек Шымбергенов те Азиаданың күміс жүлдегер атанды.
Финалда Шымбергенов өзбекстандық Бобо Усман Батыровпен кездескен болатын. Төрешілер жекпе-жек қорытындысы бойынша жеңісті өзбек боксшысына берді. Есеп: 1-3.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!