{metadescription}

Азия ойындарында жүлде алғандарға қанша сыйақы беріледі?

Азиаданың қазақстандық жеңімпаздары қанша көлемде сыйақы алатындары белгілі болды. Индонезияда өткен Азиада-2018 ойындарында отандық спортшылар 76 медальды қанжығаларына байлады.  Алтын медаль иелеріне мәдениет және спорт министрлігі 10 мың доллардан береді. Ал күміс жүлде иегерлері 5 мың доллардан алады. Сондай-ақ, қола медаль алғандарға 3 мың доллар көлемінде сыйақы тарту етіледі.  Қазақстандық спортшылар Азиада ойындарында барлығы 15 алтын, 17 күміс және 44 қола медаль алды. Осылайша Қазақстан медаль саны бойынша тоғызыншы орынға жайғасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде