Террористерден қорыққан Роналду өзіне оққағар сұрады
"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Туринде жүргенде отбасын қорғау үшін команда жетекшілерінен оққағар беруді сұрады.
13:30 02.09.2018
Басылым футболшының Гран Мадридтегі вилласын қорғауды өтінгені туралы жазды. Оққағарлардың біреуі Роналдудың үйін, екіншісі оның отбасын, ал үшіншісі португалиялықтың өзін қорғайды.
Сондай-ақ, материалда Роналдудың бұлай жасауына "Кьюво" мен "Ювентус" арасындағы матч алдында антитеррористік шаралардың жүргізілуі себеп болғаны туралы жазылған.
Роналду "Ювентусқа" 2018 жылдың жаз айында 112 миллион еуроға ауысқан еді. Ол А сериясындағы екі матч ойнаса да, гол соғып көзге түспеді.
Ресейде өткен чемпионат алдында The Mirror басылымы Роналдудың турнирдегі қауіпсіздігі үшін аралас жекпе-жек шебері Гонсало Сальгадо мен бұрынғы десантшы Нуно Марекос жауап беретіні туралы айтылды. Футболшының айтуынша, мұндай түсі суық адамдар өзін қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!