{metadescription}

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанға сапармен барды

Қазақстан Президенті Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің алтыншы саммитіне қатысу үшін Шолпан-Ата қаласына келді.

Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуі, сондай-ақ ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне қатысуы жоспарланып отыр.

Саммит кезінде Қазақстан Түркі кеңесінің төрағалығын Қырғызстанға тапсырады. Ал xатшылықтың басшылығына Қазақстанның өкілі тағайындалады. Бұдан бөлек, бірқатар құжаттарға қол қойылады деген жоспар бар. Соның ішінде Түркі академиясы мен Түркі мәдениетінің кеңесіне қатысты құжаттар бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде