ВИДЕО: Сальвадор маңында адамдар жын-шайтандармен шайқасты
Сальвадор астанасының маңында орналасқан Нехап қаласында сиқыршылардың шайқасы өткізілді.
Фото: Reuters
10:00 03.09.2018
Жыл сайын өтетін шарада адамдар отқа оранған шарды ұстап шайқасады.
Қару - жанармайға матырып алынған тығыздап түйілген шүберек. Бұл шайқастың шығу тарихын білесіз бе?
Роберто Карлос, шайқасқа қатысушы:
"Екі болжам бар - діни және дәстүрлі. діни - Нехап қаласының жебеушісі Қасиетті Иерониманың дұғасын әзәзіл бұзып жіберіпті же, Иеронима оныөртеніп жатқан шармен қуалаған екен. Ал дәстүрлісі - 1658-ші жылғы қаланы құртып жіберген жаңартаумен байланысты".
Бұл жерге жыл сайын жүздеген туристер жиналады. Алайда жеңімпазды анықтау мүмкін емес. Өйткені көптеген қатысушылар отқа тұтанған киімін өшіру үшін алаңды тастап, шайқастан шығып кетеді екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!