ВИДЕО: Аптаның үздік бейнероликтері
Аптаның үздік бейнероликтерін тамашалаңыз.
Фото: Reuters
11:00 03.09.2018
Бейнематериалдарды Рейтер агенттігі ұсынады.
1. Мельбурн шетінде таңертең өнеркәсіптік қойма өртенді. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, онда ацетон мен оның өнімдері сақталған. Бұл өрттің тез таралуына әкелді. Жергілікті басылымдар қоймаға жақын орналасқан мектептердің жабылғанын хабарлады. Тұрғындарға үйден тыс шықпауға кеңес берді.
2. Сан-Джузеппе де Фаленьямидің католиктер шіркеуінің шатыры құлады. Ол Капитолийдегі Рим форумының шыға берісінде орналасқан. Жергілікті басылымдардың жазуынша, ешкім зардап шекпеді. Өйткені оғибадатхана сол кезде жабылған болатын. Оқиға себептері әзірге белгісіз.
3. Мьянма астанасының маңында сәрсенбі күні елдегі ең жаңа салынған бөгеттердің бірі суға шыдас бермеді. 85 ауылды су басып, 60 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Билік бөгеттің мінсіз болғанын айтып отыр. Оның неге бұзылғаны - жұмбақ.
4. сәрсенбі күні Испанияның Буньол қаласы қызанақтың қызыл түсіне боялды. Валенсияға жақын жерде тұрғындар бір-біріне қызанақ лақтырып қызыққа батты. Мұнда жетпіс жылдан астам уақыт бойы осы жерлерде өткізілген жыл сайынғы La Tomatina фестивалі өтті. Биыл шамамен 145 тонна қызанақ "құрбанға шалынды".
5. Сирек кездесетін табиғи құбылыс - сулы құйын. Швейцарияның Цюрих қаласында және Грекияның Корфу аралының жағалауындағы теңізде бірнеше адам аталмыш табиғат құбылысын бейнежазбаға түсіріп алыпты.
6. Владимир Путин екі күн бойы Тувада Сергей Шойгу мен Александр Бортниковпен бірге табиғат аясында болды.
Ресейдің мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Путин тауға шығып, табиғат сұлулығын тамашалады. «Бұл туризм болды, айтқым келеді, түр, табиғи туризм», - деді Песков.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!