Тереза Мэйге қастандық жасамақ болған адамға сот үкім шықты
Британдық сот 21 жастағы Намур Захария Рахманды премьер-министр Тереза Майға қастандық әрекет дайындағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырды.
Фото: Reuters
09:40 03.09.2018
Еркіндікке шығу өтінішін ол енді тек 30 жылдан кейін ғана бере алады.
Тереза жасалатын қастандықтың алдын алуф туралы британдық барлау агенттіктері 2017 жылдың желтоқсанында жариялаған болатын. Онда қылмыскерлер Даунинг көшесіндегі премьер-министрдің резиденциясында жарылыс жасауды жоспарлағаны айтылған. Рахманмен арнайы қызметтің қызметкерлері құпия түрде байланысқа шыққаны хабарланған. Оны жарылғыш заттарды алған кезде оны қолға түсірді.
Британдық сот сондай-ақ Рахманды тыйым салынған экстремистік ұйым - Ислам мемлекетін насихаттайтын бейне таратқаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды. Айыпталушы кінәсін ішінара мойындады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!