{metadescription}

ВИДЕО: Көлді шабақтарға қалай толтырады?

Көлді шабақтарға қалай толтырады - әуеден қоныстандыру арқылы.

АҚШ-тың Юта шатындағы жабайы табиғат департаментінің қызметкерлері осы жазда қол қусырып отырмады. Олар шалғай жатқан тау көлдеріне  сан алуан балықтардың шабағын ұшақ арқылы тастаумен айналысты.

Бұл әдіс «әуеден қоныстандыру» деп аталады. Департамент қызметкерлерінің айтуынша, осылайша тиімді және арзан әдістің арқасында шалғай жатқан мекендердегі көлдерде балықтың түрін молайтуға болады. 

Бұл әдіс күніне 40-60 көлді шабаққа толтыруға мүмкіндік береді. Бұған дейін алыс жатқан көлдерге жету қиын болған, өйткені ол жерлерге апаратын жол жоқтың қасы. тіпті жол болғанның өзінде шабақтармен толтыру көп уақыт алатын еді. 

Юта билігі «әуеден қоныстандыруды» 60 жылдан астам уақыт бойы қолданып келеді. Бұл туристерді "керемет балық аулауға" шақырудың бірден-бір жолы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде