{metadescription}

III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақ спортшылары алғашқы медальдарды олжалады

Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталды.

Айтулы додада қазақстандық спортшылар ел қоржынына алғашқы медальдарды салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұратхан Берікбол (68 кг) мен Мақсат Жандильдаев  (81 кг) тәжіктің ұлттық спорты - «гуштини милли камарбанди» атты белбеу күресінен қола жүлдені жеңіп алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы сапында 134 спортшы бар, олар ұлттық спорттың 25 түрінен бақ сынайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде