ВИДЕО: Венеция кинофестиваліне кімдер келді?
Венеция кинофестиваліне кімдер келді? Сенсациядан сенсация!
Фото: Reuters
17:54 03.09.2018
Брэдли Купердің алғашқы режиссерлік жұмысы "Жұлдыз туды" - 1937 жылдың римейкін көпшілік асыға күткен болатын. Актердің өзі түсірілімді бақылап қана қоймай, басты рөлді сомдаған. Ал әйел рөлін Гага ханымға жүктепті. Олардың аталмыш фестивальға келуі ең жарқын сәттердің бірі болды. Гага қызыл кілемнің үстімен үлпілдек көйлегімен жүріп өтті.
Қып-қызыл түс. "Суспирия" фильмінің көрсетілімінде жұлдыздар қызыл түсті киімдерімен ерекшеленді. Италияға бүкіл актерлер құрамы келген екен. Басты рөлді Дакота Джонсон мен Тильда Суинтон сомдаған. Бұл картина бас жүлдеге үміткер.
Ал "Желдің келесі тұсы" картинасы конкурстық бағдарламаға енбей жатып-ақ тарихқа кірді деуге болады. Режиссер Орсон Уэллстің соңғы фильмі ол қайтыс болғаннан кейін 33 жылдан кейін экранға шықғып отыр. Ол 1985 жылы көз жұмған.
Ағайынды Коэндердің "Бастер Скраггс туралы балладасы" деген атпен шағын сериалы да шықпақшы. Бұл ағайындылар туралы ең ұзақ фильм - 132 минут. Бұл жолы Итан мен Джэл пародиялық фильм түсіріпті.
Фестиваль 8-ші қыркүйекке дейін жалғасады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!