ВИДЕО: Ұлттық музей жанып кетті
Рио-де-Жанейрода ұлттық музей жанып кетті. Музейдегі 20 миллионнан астам экспонат түгі қалмай өртенді. Өрт демалыс күні кешке тұтанған болатын. Ал түнде лаулап жанды. Өрттің шығу себебі анықталған жоқ. Зардап шеккендер туралы да мәлімет әзірге жоқ. Алайда өрт жұмыс күні аяқталған соң басталғаны белгілі. Сан-Кристован сарайы Бразилия императорының бұрынғы резиденциясы. Ол 1803 жылы салынған. 15 жылдан соң Португалия королі Жуан VI бұл ғимаратқа Ұлттық музей атын берген.
Фото: Reuters
18:10 03.09.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!