{metadescription}

ФОТО: Өгей қызына бола жынысын ауыстырған

АҚШ-тың Канзас штатының тұрғыны Спенсер Хэнсон кішкентайынан өзін еркек сезінген. 

Өзінің әйел екенін біле тұра, өз денесінен жиіркеніп келіпті. Ол туралы ата-анасына айтуға қысылған. 19 жасқа толғанда Спенсер үйленіп алды. Әйелінің екі баласы болған, сосын донор ұрығын қолданып тағы екі баланы дүниеге әкелді.

Жүктілік кезінде жынысын ауыстырғысы келіп, бірақ тағы да батылы бармады. Алайда өгей қызы еркек болғым келеді дегенде, ойланып қалып, қорқынышы сейілген екен.

Сол кезден бастап гормондар ішіп, омырауы мен құрсағын алдыртып тастады.

Қазір Хэнсон – еркек. Ол "Әке болғанда" деген атпен блог жүргізеді. Әйел денесін жек көргенін, әйел денесімен қорланатынын, әрдайым жайсыз сезініп, дағдарыста жүргенін жазады. Ал қазір бақытты екенін жасырмай айтып келеді. 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде