Башқұртстанда туыстары әжесін көшеге қуып жіберген
Башқұртстанның Стерлитамак қаласында туыстары әжесін көшеге қуып жіберген.
15:20 04.09.2018
Жергілікті БАҚ хабарлауынша, далада қалған кейуананы Ишпарсово аулындағы шіркеуге апарған. Ол шіркеуді баспанасыз қалғандар паналайды екен. Алайда белгісіз жағдайлар кедергі болып, кемпірді қайтадан туған үйіндегі подъездің алдына әкеліп тастапты. Сол кезде алдынан келіні мен балалары шығыпты.
Олар волонтерлармен ұрсысып, әлеуметтік желідегі кәрі әжелері туралы жазбаны құртуды талап еткен. Әжейді екі рет полицияға апарып, құқыққорғау органдарының өкілдері екі рет ұлдарына қайтарыпты. Ал туған балалары оны үйінен қуып, есік алдындағы сәкіге отырғызып кетеді екен.
Әжейдің есімі Вера Зузлова, 1947 жылы туған. Ақыл-есі орнында болғанымен, кейбір нәрсені ұмытып қала береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!