{metadescription}

ФОТО: Қазақстандықтар Көшпенділер ойындарынан 9 медаль еншіледі

Көшпенділер ойындарынан 9 медаль еншіледік. 

4 қыркүйек күні қазақстандық спортшылар ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бірнеше жүлделі орындарды иеленді, деп хабарлайды  ҚазАқпарат

Жерлестеріміз мас-рестлингтен 1 күміс медаль - Дарья Нестерова (85 кг), сондай-ақ 4 қола медаль: Медет Есбулаев (60 кг), Темірлан Шамет (70 кг), Вячеслав Старков (105 кг), Александр Краснов (125 кг) алды. Арқан тартысқан спортшылар мен бүркітші Серікбек Күнтуғанұлы да Қазақстан қоржынына бір-бірден қола медаль салды.

Түрікмен күресінен кілемге шыққан Әділет Шалғынбекұлы (62 кг) мен Амандық Абылай (абсолюттік салмақ санаты) да «қоламен» шектелді. Айта кетейік, қазақ күресінен екі спортшымыз - Әбілқайыр Мәуленин (70 килограмға дейін) және Ерсұлтан Мұзафаров (90 килограмға дейін) финал жолдамасын жеңіп алды. Ал абсолюттік салмақ санатында күресетін Нұрдәулет Жарылғапов бүгін үшінші орын үшін күш сынасады.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде