ҚазМұнайГаз ғимаратында өрт тұтанды
Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы «ҚазМұнайГаз» ғимаратында өрт тұтанды,
09:00 05.09.2018
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов:
«Қабанбай батыр даңғылы, 19 D мекенжайындағы ғимараттың 13 қабатынан түтін байқалды. Қазіргі уақытта ғимарат қаптамасы тексеріліп жатыр, ашық жанған от көрінбейді. Эвакуация жүргізілген жоқ. Оқиға орнында 28 адам, алты арнайы техника жұмыс істеп жатыр».
Кейінірек Р. Иманқұлов түтіннің басылғанын, тепловизормен тексеру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады. Айта кетейік, ғимараттың бірінші қабатында әкімшілік ұйымдар орналасқан және жоғары қабаттарында тұрғын үй пәтерлері бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!