{metadescription}

Адам өмірін ұзарту үшін қалай тамақтануы керек?

АҚШ ғалымдары адамның өмірін ұзарту үшін қалай тамақтану керектігін зерттеп, анықтады.

10 сағат бойы тамақтану метаболизмнің бұзылуын тежейді екен. Ал метаболизм тәуліктік тамақтың мөлшерімен байланысты дейді ғалымдар.

Калифорния институтының ғалымдары осы бағытта салауатты өмір сүру салты жасы келген адамға тән аурулардың алдын алып, өмірін ұзартады деп отыр.

Мамандардың айтуынша, тышқандарда адаға тән ген бар. Тышқандар тек күндіз ғана белсенді. Ал түнде талшықтық жөндеу үрдісі жүреді.

Ғалымдар тышқандардың күн мен түннің ауысуына байланысты ағзаның биологиялық өзгеруіне жауап беретін циркадтық ырғақты геніне тәжірибе жүргізді.

Бірінші топтағы тышқандарға күні бойы тамақтануға мүмкіндік берілді. Ал екінші топтағы тышқандарға тек он сағатта ғана азық ұсынылды. Бұл екі топтағы тышқандардың тағамы құнарлылығы жағынан бірдей болды.

Нәтижесінде бірінші топтағы тышқандар семіріп кетіп, маетаболикалық ауруға шалдықты. Олардың бауыры ауырып, диабетке шалдықты. 

Ал екінші топтағы тышқандар салмақ қоспай, денсаулығы бұзылған жоқ. 

Ғалымдар тамақ ішуді жоспарлаған дұрыс деген пайымға келді. Ол ағзаның метаболизмге қажетті уақыт пен тамақ қорытылудың тепе-теңдігін сақтауға мұрша береді. 

Яғни, биоырғақ бұзылса, адамды ауру меңдейді.  Зерттеушілер тамақ ішуді он сағатқа шектесе, денсаулықты сақтап қалуға болады дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.