Астанада жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды
Астанада жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды.
Фото: Kazinform
12:30 05.09.2018
Астанада жол апаты салдарынан полиция қызметкері қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Түркістан көшесінде 4 қыркүйек күні сағат 23:00 шамасында тіркелген жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. «DODGE CHALLENNGER» маркалы атвокөліктің жүргізушісі Түркістан көшесімен келе жатып көлік тізгініне ие бола алмай қалып, бордюрға соғылған. Кейін көлік аударылып, көшені жарықтандыратын бағанға соғылған. Осыдан кейін көліктен өрт шыққан.
Жол апаты салдарынан 23 жастағы жолаушы - Астана қалалық ІІД Жол-патрульдік полициясы жол-патрульдік қызметі полкінің полицейі көз жұмғаны белгілі болды. Ол «DODGE CHALLENNGER» көлігінің ішінде болған.
Жүргізуші әртүрлі дене жарақаттарымен қалалық ауруханаға жеткізілді. Қажетті сараптама жұмыстары тағайындалды. Сонымен бірге, қалалық жеке қауіпсіздікті басқару басқармасы қызметтік тергеуді жүргізіп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!