Головкин спорттағы құрмет туралы айтты
Орта салмақ санатында WBA Super, WBC және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альварестің боксты да, жанкүйерлерін де құрметтемейтінін айтты.
12:10 05.09.2018
«Құрмет деген не ол? Адамдарды алдау, бизнеске зиян келтіру, телеарнаны құрметтемеу, өз жанкүйерлеріңді назарға алмау. Сен осыны құрмет деп тұрсың ба?» - деді Головкин «Канелоға» қарата айтқан сөзінде, деп хабарайды Қазақпарат.
Еске сала кетейік, «Канело» - GGG рематчы мамыр айында өтуі тиіс болатын. Алайда мексикалықтың допинг сынамасынан тыйым салынған зат кленбутерол табылған соң, боксшы алты айға бокстан шеттетілген. Енді боксшылар 15 қыркүйекте қайта кездеседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!