Беларусь елі Қазақстан армиясын әскери техникамен жабдықтайды
Беларусь пен Қазақстан елдері қазақстандық армияны беларустық әскери техникамен жабдықтау бағдарламасын іске асыруда. Бұл туралы сейсенбіде Минскіде журналистерге Минскідегі Қазақстанның елшісі Ермұхамет Ертісбаев мәлімдеді. «Біздің әскерімізді беларустық әскери техникамен жабдықтау бойынша өте үлкен бағдарлама бар», - деді Ертысбаев. Дипломаттың айтуынша, бұл тақырып жақында Беларусь қорғаныс кәсіпорындарының өкілдерімен және Қазақстан Қорғаныс министрінің кездесуінде талқыланды. «Біз осы ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз», - деді елші.
Фото: ҚР ҚК
17:40 05.09.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!