ВИДЕО: Жыртқыш балық жігіттің жыныс мүшесіне қадалып қалды
Қытайда жыртқыш балық жігіттің жыныс мүшесіне қадалып қалды.
08:00 06.09.2018
Қытайдың оңтүстігіндегі Санья жағалауында жыртқыш скат балығы суға енді кіре берген жігіттің жыныс мүшесіне тап берген. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ер бала суға белуарынан кіргенде кенеттен баж етіп, судан атып шықты. Оның екі бұтының ортасында скат балығы жабысып тұрған. Балықтың құйрығы жігіттің жыныс мүшесіне кіріп, қатты ауырсынған ер адам жерге құлап есінен тана жаздады. Ол өздігімен балықты ажыратуға шамасы келмеді. Ақыры құтқарушыларды шақыруға тура келді.
Құтқарушылар өліп қалған балықтың құйрығын кескілеп әрең алды. Скат балығы ұзақ уақыт ауада болғандықтан өліп қалыпты. Зардап шеккен жігіт ауруханаға жеткізілді.
Қазір оның өміріне еш қауіп жоқ. Дегенмен оның болашақта балалы болуына күмән бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!