{metadescription}

Хоккайдо: Зілзала салдарын жоюға 20 мың адам, 50 тікұшақ жұмылдырылды

Жапонияның Хоккайдо аралында болған зілзала салдарын жоюға 20 мың адам, 50 тікұшақ жұмылдырылды.

Зілзаладан зардап шеккендерге полиция қызметкерлер мен табиғат қорғау мекемелерінің барлық өкілдері көмекке келуде.

Хоккайдо аралында құтқару шараларына 20 мыңнан аса адам жұмылдырылуда. Бұл туралы Жапония үкіметінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга баспасөз мәслихатында мәлімдеді. 

Белгілі болғаны, бұдан бөлек іс-шараларға 50-ден астам тікұшақ көмек көрсетуде. Сондай-ақ қорғаныс күштері қызметкерлерінің санын 25 мыңға дейін өсірмек.

Естеріңізге сала кетсек, Хоккайдо аралында Рихтер бағамы бойынша 6,7 баллдық жер сілкінісі болды. Алдын ала болжам бойынша 110 адам зардап шекті. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде