{metadescription}

Көшпенділер ойыны: Қазақстан қоржынына 20 медаль түсті

Көшпенділер ойынының алтыншы күні қазақстандық спортшылар 20 медаль иеленді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Қазақстандық спортшылар алған 20 медальдің 5-еуі алтын, 7-еуі күміс, 8-і қола. «Бүгін Көшпенділер ойындарында аударыспақтан ақтық сайыстар өтті. Финалға бес қазақстандық пен бес қырғызстандық балуан шыққан болатын. 60 келі салмақ дәрежесінде Азамат Серғазин, 70 келі салмақта Ерназар Байғонов, Арман Сағынбаев 80 келі, Сырым Ізбасаров 90 келі, Біржан Қосалиев +90 келіде күміс медаль иеленді», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, көкпардан Ұлттық құрама үшінші орын үшін болған ойында РФ Мәскеу облысынан келген команданы 17-1 есебімен жеңіп, қола медаль иегері атанды.

Самбошы, әлем чемпионы Есет Қуанов  68 келі салмақта алтын медаль алды. 82 келі салмақта самбошы Руслан Жарқынбаев та топ жарды.

Самбо күресінде Әбдухамит Әбдіразақов, Асылжан Гайсаев, Базарбай Жасұлан, Мұқатаев Батыр, Көлбай Темірлан қола медальды місе тұтты», - делінген хабарламада.

Тоғызқұмалақтан ҚР құрамасы ерлер командалары арасында алтын медальды (Елеусінов Хәкімжан, Қабиев Нұрбек) қоржынға салып отыр.

Жеке есепте ерлер арасында екінші орынды Елеусінов Хәкімжан алса, Қабиев Нұрбек үшінші орынды қанағат тұтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде