Қарағандыда хабар-ошарсыз кеткен екі бала аман-есен табылды
Қарағандыда бірі төрт, бірі он жастағы екі бала жоғалып, бір тәуліктен соң табылды.
16:00 08.09.2018
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Полицейлердің айтуынша, 6 қыркүйек күні Қарағанды қаласының ІІБ Киров полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғыны хабарласып, 4 жасар ұлы мен туысының 10 жастағы қызы жоғалғанын айтқан. Киров ПБ қылмыстық полиция қызметкерлерінің күш салуымен балалар бір күннен соң табылды.
«Балалар 7 қыркүйек күні 16:00-де Металлистер көшесіндегі «Молодежное» мәдениет үйінің маңынан табылды. Олар кластас қызымен ойнап жүріп, соның үйінде қонып қалған», - дейді ведомство өкілдері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!