Әлемдегі ең көп ұшқыш әйелдер қай мемлекетте тұрады
Халықаралық авиациялық ұшқыштар қауымдастығының деректеріне сәйкес, Үндістан ұшқыш әйелдер саны бойынша әлемде бірінші мемлекет болып танылды.
09:00 10.09.2018
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Дүниежүзі бойынша ұшқыштардың шамамен 5%-ын әйелдер қауымы құрайды. Бұл көрсеткішті елдерге бөлік қарастырғанда, Үндістанда бұл көрсеткіш 13%-ке жуықтайды. Бұл Батыстың бірқатар елдерінен екі-үш есеге жоғары. Мәселен, Ұлыбританияда әйел ұшқыштар саны - 4,77% болса, АҚШ-та 4,36%. Айта кетейік, Үндістан авиациялық нарығы жылдам дамып келе жатқан мемлекет. Елде үнемі ұшқыштардың жетіспеушілігі байқалып тұрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!