{metadescription}

Ғалымдар: Жас қан қарт адамның өмірін ұзарта алады

Қарт адамға жас адамның қанын құйсаң, ол кәрілікпен күресуге көмегін тигізеді және медицинадағы үлкен жетістік болуы мүмкін.

Лондон колледжінің жетекші генетик ғалымы Линда Партридж жаңалық ашты. Оның ойынша, қарт адамға құйылған жас қан бірқатар оң нәтиже беріпті. Зерттеу Nature журналында жарық көрді.

Партридждің зерттеуінің нәтижесінде аталмыш үрдіс кәрілікті тежеп, сонымен бірге қарт адамның ағзасындағы қауіпті ісікті, алжуды, және жүрек ауруын тоқтатуға септігін тигізетіні дәлелденді.   

Аталмыш зерттеу бірнеше жыл бойы жүргізіліп келді. Алайда созылмалы ауруды қандай молекула тоқтататыны әлі белгісіз. 

"Бұл мәлімет зерттеуді жалғастырудың алғышарты болмақ", - дейді Партридж.

Ол сонымен бірге зерттеудің әлі де жалғастырылатынын және жас қан құйылғанда қандай жанама әсері болатыны анықталатынын мәлімдеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде