{metadescription}

ВИДЕО: Сомдаған рөлі өз өміріне ұқсас болыпты

Леди Гага Торонто кинофестивалінде «Жұлдыз дүниеге келді» фильмін таныстырды.

Венеция фестивалінен Торонто кинофестиваліне келген Леди Гага мен Брэдли Купер "Жұлдыз дүниеге келді" фильмін ұсынды.  

Әнші қызыл кілемнің үстіне қара жамылып шығып кішігірім шоу ұйымдастырды. 

Аталмыш фильмде ғашығы  - кантри-музыкант Джексон Мэйннің  Элли деген қызын сомдайды. Қыз бен жігіттің қатынасы өмірлерін өзгерткен. Актрисаның айтуынша, Эллидің образы оның өз өміріне ұқсас екен. 

"Бала кезімде өзімді қорғансыз сезіндім. Мектепте бәрі мені мазақ қылатын. Өзіме деген сенімімді жоғалтып алдым. Тек 19 жасқа толғанда ғана музыкамен айналысып, мақсат қойдым. Нью-Йорк қаласындағы әр студияның есігін қағып, әндерімді ұсына бердім. Эллимен өзімді салыстырсам, ол қиындықты жеңе алмаған. Тек Джекке деген махаббаты ғана өміріне сәуле түсірген".

"Жұлдыз дүниеге келді" - 1937 жылы түсірілген голливудтық мюзиклдің римейкі. Аталмыш мюзикл үздік сценариі үшін Оскар марапатына ие болған. Ал Купердің картинасы әзірге ешбір сыйлық алмады. Бірақ сыншылардың фильм туралы пікірі жаман емес. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде