{metadescription}

Есімізде қалған жаман дүниелерді "ұмытуға" болады екен

Ауқымды зерттеулер жүргізе келе, Германия, Нидерланды және Ұлыбритания нейрофизиологтары адам миының жекелеген бір бөлігінде орналасқан жағымсыз оқиғаларды сақтап тұратын ақпараттың көзін жоюға болатынын анықтады.

 Ғалымдар белгілі бір жағдайларды ұмытуға тырысқан кезде мида нақты мәліметі бар физиологиялық процесті "ұмыттыратын" белсенді бөлігі бар деп айтып отыр.

Мұнда сөздерді, түстерді, тіпті иістерді саналы түрде "ұмытупроцесі бас миы қабығынан бұрын еске сақтау орталығы болған гипокампқа ауысады. 

Нейробиологтар сөйтіп мындай тұжырымға келді: бас миының бөліктерін жандандырғанда ол естегі кейбір нәрселерді ұмыттырады. Ол болашақта психиатрияға септігін тигізеді. 

Аз қуатты тоқтың арқасында адам миындағы естеліктер: соғыс, жанжал, ажырасу, өлім, отбасы және жұмыстағы проблемалар сақталып тұрған "файлды" жоюға болады. Бұл ауыр психикалық науқастарға көмегі болары анық. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.