ВИДЕО: Элтон Джон тыңдармандарымен қоштаса бастады
Элтон Джон тыңдармандарымен қоштаса бастады.
21:00 11.09.2018
"Қош бол, сары кірпішпен төселген жол" - деген атпен Элтон Джонның қоштасу турнесі сенбі күні АҚШ-та бастауын алды.
Бірақ Элтонға табынушылар қайғырмай-ақ қоюына болады, британдық рок-жұлдыз әлі де өмір сүріп, ән шырқай береді. Турне үш жылға созылмақшы, бес континетте 300 концерт жоспарланған.
Пенсильвания штатындағы Аллентаун қаласында Джон көрермендерге былай деді:
"1969 жылы сахнада алғаш рет ән шырқадым. Елу жыл бұрын. Сіздер кереметсіздер, әрдайым мені қолдадыңыздар. Шын жүрегімнен сздерге алғыс айтамын, маған арнаған жақсылықтарыңыз үшін. Рақмет!".
Элтон Джон биыл 71 жасқа толып отыр. Ол қаңтар айында қоштасу турын бастайтынын мәлімдеген. Ол енді уақытын күйеуі мен балаларына арнағысы келетінін жасырмады. Алайда шығармашылықпен толық қоштаса алмаймын. турне аяқталған соң ол ән жазып, мюзиклдармен жұмыс істейтінін жоспарлап қойыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!