Путин мен Си Цзиньпин құймақ пісіріп, шараптан ұрттады
Ресей президенті Владимир Путин мен оның қытай әріптесі Си Цзиньпин құймақ пісіріп, аспаздық шеберлігін сынап көрді.
10:30 12.09.2018
Ресей мен Қытайдың мемлекет басшылары Русский аралында 11-13 қыркүйекте өтіп жатқан төртінші Шығыс экономикалық форумында жүр.
Мемлекет басшылары Шығыс экономикалық форумда сөйлегеннен кейін «Қиыр Шығыстағы көшелер» көрмесіне барып, өз қолдарымен құймақ даярлады.
Путин Си Цзиньпиннің құймағы жақсырақ шыққанын атап өтті.
«Иә, менде дөңгелек», - деп түсіндірді Си Цзиньпин аудармашы арқылы.
Артынша орыс дәстүріне сәйкес, Путиннің ұсынысы бойынша, қос тарап аздап арақ ішті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!