{metadescription}

Жойқын жарылыстан 6 адам қаза тапты

Үндістанның солтүстігіндегі Биджнор қаласында орналасқан химиялық зауытта жарылыс болды.

Салдарынан үш адам ауыр жарақат алды, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды UNI агенттігі.

Агенттіктің мәліметінше, зардап шеккен азаматтар аса ауыр халде ауруханада жатыр.

Полицейлердің мағлұматтарына сәйкес, апатқа газ баллонының жарылуы себеп болған. Жарылыстан кейін ғимараттың іші отқа оранған. Құрбандарының барлығы - зауыт жұмысшылары.

India TV телеарнасының мәліметінше, оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс жасап жатыр. Арнайы қызмет өкілдері әзірге тілсіз жаудың бетін қайтара алмауда. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде