Руслан Мәдиев кәсіби бокстағы мансабында алғаш рет жеңілді
Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиев мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты.
10:58 14.09.2018
Отандасымыз мексикалық боксшы Пабло Сезар Каноға есе жіберді. 25 жастағы қазақстандық боксшы Golden Boy промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кешінің басты жекпе-жегінде жұдырықтасты. Hard Rock қонақүйінде өткен кездесуден ESPN арнасы көрсетілім таратты.
Бесінші раундта Пабло Сезар Каноның қабағы жарылып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Нәтижесінде 10 раундқа жоспарланған шаршы алаңдағы шайқас бел ортасында тоқтатылды. 5 раундтағы ұпайлар нәтижесі бойынша төрешілер мексикалық боксшыны жеңімпаз деп таныды.
Руслан Мәдиев осыған дейін өткізген 12 жекпе-жегінде де жеңіске жеткен боксшы. Оның 5-де қарсыласын нокаутпен ұтқан. Бұл - оның кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісі. Ол - GGG Promotions құрамындағы боксшылардың бірі. Русланды да Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес жаттықтырады.
Дереккөз: vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!