80 жастағы әже жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атанды
80 жастағы моңғолиялық әжей жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атанып отыр.
11:30 14.09.2018
Испанияның Малага қаласында 4-16 қыркүйек аралығында жеңіл атлетикадан ардагерлер арасындағы VIII Әлем чемпионаты өтуде.
Мұнда қатысу үшін әлемнің 100 елінен 8 мыңнан астам спортшы жиналған.
Турнирге Моңғолияның халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Т.Шеренхолдор мен А.Алтанцесаг қатысты.
Әйелдер арасында 80 жастан асқандар сайысында Т. Цэрэндолгор бір алтын, екі күміс және бір қола медаль иеленді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!