{metadescription}

Жағажайдағы жартас құлады, зардап шеккендер бар

Грек аралы Закинфтің Навайос жағажайында жартас опырыла құлады.

Толқын көтеріліп, кемелерді аударып кеткен. Бірнеше адам ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында арқасы жарақаттанған чехиялық турист те бар. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің өміріне еш қауіп төнбейді.

Құтқарушылар үйіндінің астында ешкім қалып қоймағанына көз жеткізу үшін жартастың құлаған сынықтары мен сол маңды қарап шықты.

«Алдымен кішігірім бөлігі, артынша жартас түгелдей құлады. Үлкен толқын бір кемені аударып тастап, екіншісінің бортына соғылған, жағажайдағы барлық заттар сумен ағып кетті. Кішігірім қайықтардың барлығы су астында қалды. Алып толқын  ірі кемені аударып, ондағы адамдар суға құлап түсті. Басқалары аударылған кемелердегі адамдарды құтқаруға асықты. Нағыз сұмдық», - деді куәгерлер.

Дереккөз:ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде