Павлодарда құбырлардың ортасына қысылып қалған бұғыны құтқарды
Павлодарда марал жылу өтетін жолдардың құбырында тұрып қалған.
14:13 14.09.2018
Оқиға бүгін таңертең Ломов көшесінде орын алған. Куәгерлер жануарды видеоға түсіріп, Instagram желісінде жариялады.
Кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар, мал дәрігерлері келіп жеткен.
Құтқару операциясы бірнеше сағатқа созылып, нәтижесінде оны денсаулығына залал келтірмей құтқарудың жолы табылған.
Бұғыны автокранмен көтеріп, артынан жүк көлігіне тиеп алып кетпекші болған. Алайда үріккен жануардың маңайына ешкімді жолатпаған.
Жануардың қайдан қала ішіне қалай тап болғаны белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!