{metadescription}
Алаңға жезөкшенің туыстарын шығарып масқаралады

Алаңға жезөкшенің туыстарын шығарып масқаралады

Өзбекстанның Сұрқандария облысы Термез қаласында 10 қыркүйекте қалалық әкімшілік орталық алаңда жиын өткізіп, жезөкшелікпен айналысты делінген 18 жастағы қыздың анасы мен туыстарын көпшілік алдында масқаралаған.

Термез қаласының бір белсендісінің сөзіне қарағанда, қала басшысы жиналыста қыздың анасы мен үш туысын тізерлеп отыруға бұйырып, одан соң оларды көпшілік алдында масқаралаған.

"Қала басшысы, милиция бастығы және прокурор жиналған көпшілік алдына әйелдерді алып шығып, оларды халық алдында соттайтынын айтты. Әйелдер өздерін масқараламауын өтінген, бірақ шенеунік оларға: "Тыныш тұр, сендердің менің сөзімді бөлетін қақыларың жоқ", деп мәлімдеген. Кейін біз бұл әйелдердің жезөкше деген атқа қалған 18 жастағы қыздың анасы мен туыстары екенін білдік", - деді Термез тұрғыны.

Термез тұрғындарының көбі қала билігінің әрекетіне наразы болды. "Біріншіден, 18 жастағы қыздың анасы кінәлі емес. Екіншіден, бұл қызың кінәсі сотта дәлелденген жоқ. Термезде жезөкшелер саны көбейген болса, оған жұмыссыздық пен халықтың күнкөрісінің төмендегені кінәлі", – деді тұрғындардың бірі.

Термез қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі осы мәселеге қатысты сауалдарға жауап берген жоқ. Ал қалалық білім бөлімінің меңгерушісі Малохат Холлиеваның хабарлауынша, 18 жастағы қыз жезөкшелікпен шұғылданып қана қоймай, қалалық аурухана медбикесін ұруға қатысқаны үшін де айыпталып отыр.

"Ішіп алған бес қыз, соның ішінде осы қыз да бар, медбикені соққыға жыққан. Біздің аудан басшысы өте мәдениетті адам, ол қалада болып жатқан жағдайға жаны ашиды. Біздің қалада өздерін әдепсіз ұстайтын әйелдер мен қыздар көбейіп кетті. Сол себепті бала басшысы жиналыста осы жағдайға алаңдайтынын ғана жеткізді. Бірақ ешкімді көпшілік алдында масқаралаған жоқ", - деді Малохат Холлиева.

Термездің 18 жастағы тұрғыны мен оның төрт құрбы қызына қатысты әкімшілік іс қозғалғанын Термез қалалық ішкі істер бөлімі растады.

Дереккөз: centralasian.org

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде