{metadescription}

Астанада қытай сөмкесінен әйелдің денесі табылды

Бұл жағдай «Шанхай» базары маңындағы жерде болған.

Әлеуметтік желілерде жантүршігерлік көрінісі бар видео тарады. Видеода қытай сөмкесінің ішінде көрпе, киім-кешектердің арасында жатқан әйелдің денесі көрсетіледі.

Астана қаласы ІІД-нің хабарлауынша, белгісіз әйелдің денесі 13 қыркүйек күні сағат 20:00-де табылған. Бұл жағдай Алаш тасжолы бойында орналасқан «Шанхай» базары маңында болды.

Осы фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Полиция қызметкерлері керекші шаралардың бәрін жасап жатыр. Әйелдің кім екені анықталды», - дейді полиция қызметкерлері. Сондай-ақ, әйелдің жасы 26-да екені анықталған.

ІІД сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша әйелдің денесінде зорлық белгілері болмағаны анықталды.

Дереккөз: Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде