{metadescription}

Паром апатқа ұшырап, 10 адам қаза тапты

Индонезияда Орталық Сулавеси провинциясы жағалауында паром апатқа ұшырады.

Салдарынан кем дегенде 10 адам мерт болып, 11 адам із-түзсіз жоғалды.

Бортында 147 жолаушы болған паромда өрт шығып, артынша кеме суға батып кеткен.

Өрт жұма күні жергілікті уақытпен сағат 16:45-те басталған, алайда құтқарушылар ауа райының қолайсыз болуына байланысты үш сағат өткеннен кейін ғана келген.

Паромның 126 жолаушысы құтқарылды. Олардың жағдайы, сондай-ақ өрттің неден шыққаны туралы ақпарат әзірге жоқ.

Дереккөз:ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде