Бүгін Астанада бірқатар автобус бағдары өзгереді
Астанада қайырымдылық марафоны өткізілуіне байланысты жексенбі таңертеңнен түске дейінгі аралықта бірқатар автобус бағдары өзгереді.
08:19 16.09.2018
«16 қыркүйекте «Астана Марафон» спорт шарасы өткізілуіне байланысты сағат шамамен 07:00-ден 13:00-ге дейін бірқатар автобустың қозғалыс бағдары өзгереді», -делінген.
Шамамен сағат 08:30-да 37, 53, 302, 303, 308, 309 бағдарлардың бұрынғы жүру бағдары қалпына келтіріледі.
Шамамен сағат 10:30-да 5, 8, 9, 11, 13, 22, 22А, 23, 25, 44, 48, 72, 73, 80, 105, 304, 313, 315, 316 бағдарлардың бұрынғы жүру бағдары қалпына келтіріледі.
Шамамен сағат 12:00-де 2, 3, 4, 14, 20, 24, 31, 33, 41, 71 бағдарлардың бұрынғы жүру бағдары қалпына келтіріледі.
Шамамен сағат 13:00-де 10, 12, 28, 40, 46, 50, 52, 61, 104, 15, 18, 70, 102 бағдарлардың бұрынғы жүру бағдары қалпына келтіріледі.
«Бағдарлардың сызбаларын Telegram мессенджеріндегі «Астана LRT» ЖШС-ның @astrabus_bot ботынан көруге болады, немесе https://telegram.me/astrabus_bot сілтемесі арқылы өтіп, мәзірден «Марафон-16.09.2018 г.» нүктесін басып таба аласыздар.
Сондай-ақ, марафон барысында қозғалысы бұрынғы қалпына келтірілген бағдарлар жайлы ақпаратты Инстаграм жəне Фейсбуктегі парақшамыздан біле аласыздар», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, дәстүрлі Astana Marathon-2018 шарасына әлемнің 20 мемлекетінен 4 мыңға жуық адам қатысуға ниет білдірген.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!