{metadescription}
ФОТО: Бетін жыртқыш жұлып алған аңшыға ота жасалды

ФОТО: Бетін жыртқыш жұлып алған аңшыға ота жасалды

Канадалық тұрғын толық бет трансплантациясы отасынан сәтті өткен ең кәрі адам болды.

Морис Дежардан жеті жыл бұрын бетінің көп бөлігін жоғалтты. Салдарынан 64 жасында трансплантациялау отасы жасалды.

Ол аңға шыққанда мұрны, еріні мен иегінен айырылған. Соңғы жылдары қатты ауырсынудан азап шегіп, тамақ іше алмай, тіпті ұйықтай алмаған.

Ер адам ірнеше жыл бойы тест пен анализ тапсырып, имлатанттардың сәйкестігін тексерген. Ол сондай-ақ, жаңа түріне сенімді болу үшін психиатрларменде жұмыс істеген.

Отаны 100 дәрігер 30 сағат бойы жасаған. Нәтижесінде Дежардан жаңа жақ, тіс, ерін, бет бұлшық еттерін және нервтерге ие болды.

Хирургиялық отадан кейін ол толықтай қалпына келіп, жаңа өмір сыйлаған хирургтарға алғысын жаудырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде