{metadescription}
Альварес-Головкиннің үшінші жекпе-жегі қашан өткізілуі мүмкін?

Альварес-Головкиннің үшінші жекпе-жегі қашан өткізілуі мүмкін?

Альварес-Головкин жекпе-жегі 2019 жылдың мамыр айында өткізілуі мүмкін. 

Генаның жаттықтырушысы Абель Санчес  GGG мен Сауль Альварес арасындағы шайқас 5 мамырда өтуі мүмкін, деп хабарлады sports.kz.

Кеше Сауль Альварес Геннадий Головкинді орта салмақтағы чемпион дәрежесінен алып тастаған болатын. Қызу шайқаста «Канело» жеңіп шықты. Боксшылардың шаршы алаңдағы тартысы өте әсерлі өтті. Бұл үшінші шайқастың болуына итермеледі. «GGG» жаттықтырушысы  Абель Санчес үшінші жекпе-жек мамр айында өткізілуі мүмкін екенін мәлімдеді. 

"Бизнес тұрғысынан қарасақ, Головкинге де қажетті мүмкіндіктерді қарастырған дұрыс. Менің ойымша, стилистика жағынан олар бір біріне лайықты. Эрик Гомес шешім қабылдаған соң маған келіп, былай деп айтты: "Үшінші жекпе-жек өткізу керек. Біз тағы бір шайқас өткізуіміз қажет". Мен былай деп жауап бердім: "Иә, бұны Томмен талқылау керек".  5 мамыр - бұл үшін ыңғайлы күн деп ойлаймын. Егер шайқас өткізілсе, ол бесінші мамырда өткізілуі тиіс деген пікірдемін. Головкиннің желтоқсанда немесе жаңа жыл басында қайтып келуі туралы сұраққа ол: Жоқ, мен бұны қаламаймын. Гена қазір тынығуы керек. Он бірқатар керемет жекпе-жектер өткізді, енді оған демалу қажет. Сосын залға оралып, жаттығып, мамырда жекпе-жек өткізеді", - деп мәлімдеді Санчес.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде