{metadescription}
Әкесінің достары қызын алып қашып, ұзақ уақыт жабылып зорлаған

Әкесінің достары қызын алып қашып, ұзақ уақыт жабылып зорлаған

Үнді елінде қыздың әкесінің достары оны ұрлап әкетіп, 8 сағат бойы жабылып зорлаған. 

Күдіктінің біреуі үнді армиясының әскери қызметкері болуы мүмкін. 

Харьяна штатының Махендергархе қаласында 12 жігіт 19 жасар студент қызды жабылып сегіз сағат бойы зорлаған. Бұл туралы аталмыш елдің жергілікті БАҚ- жазады. 

Қыз сабақтан келе жатқанда 12 қыркүйек күні автобус аялдамасында ұрлап кеткен.  Зардап шеккен қыздың айтуынша, танымайтын жігіттер оған есірткі қосылған су берген. Сосын көлікке отырғызып алып қала сыртындағы үйге апарған. Сосын 12 жігіт жабылып қызды сегіз сағат бойы зорлаған. Кейін қызды аялдамаға әкеп тастап, ата-анасына телефон соғып, қыздарыңды алып кетіңдер деп хабарлаған. 

Студент қыз бірнеше жерінен жарақат алыпты. Анасының айтуынша, тамағы қатты ауырып, ас өтпей қалған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. 

Зорлықшылар қыздың отбасымен таныс болуы мүмкін. Олар әскери қызметте істейді деген күдік те бар. Қазір полиция тексеру жүргізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде