{metadescription}
Метрода жолаушының ноутбугы жарылып кетті

Метрода жолаушының ноутбугы жарылып кетті

Мадрид метросында жолаушының ноутбугы жарылып кетті. Салдарынан ноутбуктың иесі - әйел және оның жанында вагонда болған алты адам жарақат алды. El Mundo газеті хабарлағандай, компьютер әйелдің сөмкесінің ішінде болған.  Жарылыстан кейін жарақат алған адамдар теракт болды деп ойлап, жан дауыстарымен айқайлап метрода дүрбелең тудырған. Оқиға болған жерге медиктер мен полицейліктер келді.  Белгілі болғаны, жарылыс "Принсипе де Вергара" метро бекетінде орын алған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде